Негізгі мазмұнға өтіңіз
Қазақстандағы Bosch
Өмір үшін әзірленген

Қазақстандағы Bosch

Қазақстандағы Bosch компаниялар тобы 2008 жылдан бері «Роберт Бош» ЖШС еншілес құрылымымен ұсынылған. Компания электр құрал-саймандарының, авто құрамдас бөлшектерінің, қауіпсіздік жүйелерінің, жылыту және энергия үнемдейтін жабдықтардың дистрибуциясын және сатылымдарын жүзеге асырады. Bosch тобының Қазақстандағы және Орта Азия мемлекеттеріндегі айналымы 2020 қаржылық жылда 72 млн еуроға жетті, бұл 2019 қаржылық жылмен салыстырғанда 1%-ға артық. Компанияның персоналы 71 адам (2020 ж. 31 желтоқсан деректері бойынша).

2014 жылы Қазақстанда Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолияға қызмет көрсететін дайын өнімнің (электр құрал-саймандары) ірі қоймасы ашылды. 2016 жылдың қарашасында «Электр құрал-саймандары» бөлімшесінің клиенттерімен жұмыс істеу бойынша сервистік-кеңес беру орталығы жұмысын бастады. 2018 жылы Bosch компаниялар тобы өзінің мерейтойын - Қазақстан нарығындағы аймақтық ұйымның 10 жылдығын атап өтті.

Қазақстандағы Bosch өкілдігі технологиялар мен қызметтердің жетекші әлемдік жеткізушісі болып табылатын Bosch компаниялар тобының бөлігі болып табылады. Bosch тобының стратегиялық мақсаты - Заттар интернеті саласында өнімдер мен қызметтерді жасау. Bosch компаниясы кең ауқымды мүмкіндіктері мен шабыттандыратын шешімдері бар инновациялық технологияларды әзірлеу арқылы өмір сапасын арттырады. Bosch «өмір үшін әзірленген» технологияларды жасайды.

4

Қазақстандағы негізгі орналасуы

Шабыттандыратын өнімдер мен қызметтер

Жұмыста, үйде немесе автомобильде — Bosch технологиялары күнделікті өмірді жеңілдетеді

Қазақстандағы компания басшылығы

404 Not Found

  

Игорь Петров

Игорь Петров
  • «Роберт Бош» ЖШС бас директоры

2020 жылдан бастап Игорь Петров Орта Азия аймағына жауапты, Қазақстан, Алматы қаласындағы «Роберт Бош» ЖШС бас директоры.

Игорь Петров 1968 жылы 17 шілдеде Бауска қ. (Латвия) дүниеге келген. Игорь Рига техникалық университетін «компьютерлік технологиялар» мамандығы бойынша бітірді, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «ұйымды басқару» мамандығы бойынша қосымша білім алды, сондай-ақ Антверпен бизнес мектебінің (Бельгия) EMBA General Management дипломы бар. Игорь Bosch компаниялар тобындағы мансабын 1993 жылы бастады.

Компаниядағы мансап кезеңдері:

  • 2020 ж. бастап - «Роберт Бош» ЖШС бас директоры, Алматы қ.
  • 2014-2020 - ТМД елдерінде конвейерлік құрастыруға арналған авто бөлшектерді сату жөніндегі директор, Мәскеу қ.
  • 2009-2014 – авто бөлшектер департаментінің сату жөніндегі директоры, Нижний Новгород қ.
  • 2003-2009 - Ресей, Беларусь пен Украинада автомобильдік аудио техниканы сату жөніндегі аймақтық директор, Мәскеу қ
  • 1993-2003 – автомобильдік аудио-бейне техникасын сату жөніндегі менеджер, Рига қ.

Біздің брендтер

Bosch компаниялар тобы жеке нарық талаптарына сәйкес келетін кең ауқымды брендтермен ұсынылған, ал өнімдер мен қызметтері өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

  1. Bosch
  2. Bosch Авто Сервис
  3. Rexroth
  4. Buderus
Роберт Боштың портреті

Біздің тарих

1886 жылы Роберт Бош Штутгартта «Дәл механика және электротехника шеберханасын» құрды. Бұл бүгін бүкіл әлемде жұмыс істейтін Bosch компаниясының дүниеге келуі болды. Ең басынан компанияның ерекше белгілері инновацияларға бағыттану және әлеуметтік жауапкершілік болған.

Bosch-ң Германиядағы Блайхахта орналасқан жерінің жанындағы жылға.

Әлеуметтік жауапкершілік

Біз үшін тұрақты даму дегеніміз – қазіргі және болашақ ұрпақтың өркендеуі байланысты табиғи ресурстарды қорғай отырып, компанияның ұзақ мерзімді табыс нығайту. Осылайша, экологияға деген қамқорлық инновациялардың қозғаушы күші болып табылады. Сонымен қатар, біз компанияның ішінде де, одан тыс жерде де корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетеміз.

Stefan Hartung

Комплаенс

Нормативтік-құқықтық сәйкестік - біздің компания құндылықтарының ажырамас бөлігі. Бүкіл әлем бойынша компаниямыздың өкілдіктері мен серіктестерімізге қолданылатын бизнес жүргізу ережелері біздің компанияны, қызметкерлерді, клиенттерді және серіктестерді қорғауға бағытталған.

Bosch-пен байланысу

Сіздің сұрауыңызды асыға күтеміз

Хабарлама жіберу